blog Images

«Сүйінғара батыр» мешіті:Өрт сөндіру мекемесінде кездесу өтті

Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінің имамы Қалыбаев Есбол Жетібай ауылдық № 10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, «Құмар ойындары»,»Суицидтің алдын алу» тақырыбында  уағыз -насихат айтты.

Құмар ойынның зардабы тақырыбында өрбіген уағыз барысында  имам құмар ойындардың адам баласын құрдымға жіберер дерт екендігі турасында шариғат шеңберінде баяндады.

Жалпы, құмар ойындары әу басында адам баласының нәпсісіне жеңіл тиіп, еліктіргенімен, зардабы ауыр, үлкен күнәларға алып келер кесапаты бар дерт. Асыл дінімізде де  құмар ойындарын харам етіліп, лағынеттелгенін түсіндіріп,құмар ойындардан аулақ болуға шақырды.