blog Images

Студенттер арасында «YU Оқырманы» білім сайысы басталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және  Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттар арасында «YU Оқырманы» кітап оқу байқауы басталды.

Байқау «Кітап оқитын ұлт» марафонының «Кітап оқитын университет» бағыты аясында өткізілуде. Жобаның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын оятып, зияткерлік әлеуетін дамыту.

Жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, кітап оқу – білім мен парасаттың кілті, рухани кемелденудің маңызды жолы екенін атап өтті. Сондай-ақ кітаппен дос болған ұрпақтың ой-өрісі кеңейіп, таным көкжиегі артатынына тоқталды. Жиын барысында байқаудың әділ өтуін қадағалайтын әділқазылар алқасы да таныстырылды.

Байқауға қатысушылар ұсынылған 15 кітаптың ішінен өздеріне ұнаған бір шығарманы таңдап, сол кітап бойынша эссе жазып,бақтарын сынауда.