«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап оқу сайысы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасында айқындалған «Кітап оқитын жамағат қалыптастыру» бағытын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аталған бағыт бойынша ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі және Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ұйымдастыруымен өткен кітап оқу байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың қорытынды кезеңінде қатысушылардың білім деңгейі мен кітап оқу арқылы жинақтаған таным-түйсігі сараланып, әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Іс-шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, кітап оқудың адам білімін жетілдірудегі, ой-өрісін кеңейтудегі және рухани дамудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, білімге ұмтылып, кітап оқуды өмірлік дағдыға айналдырудың маңызын атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Сағын Сая
(50 000 теңге) қаржылай сыйлық
ІІ орын – Заинолданова Жайна
(30 000 теңге) қаржылай сыйлық
ІІІ орын – Ғабиденқызы Сымбат
(20 000 теңге) қаржылай сыйлық
Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған байқау қатысушылардың рухани ізденісіне серпін беріп, кітаптың адам өміріндегі құндылығын тағы бір мәрте айқындады.
Кітап оқыған озады, білімге ұмтылған тозбайды. Өйткені кітап – кемелдікке бастар жол, ал білімді ұрпақ – ел болашағының кепілі.
