

«Шетпе» мешітінде білім сайысы ұйымдастырылды
Маңғыстау аудандық Шетпе мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.
Сайысқа қатысушылар қазақтың салт-дәстүрі мен ислам негіздері тақырыптарында өз білімдерін сынап, ақыл-ойларымен бөлісті.Білім сайысы мешіт жамағаты арасындағы ауызбіршілікті нығайту, сондай-ақ ислам мен ұлттық дәстүрлерді ұштастыра отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілді.Тартысты өткен білім сайысының қорытындысы бойынша:
1-ші орынға (50 000 теңге), 2-ші орынға (30 000 теңге), ал 3-ші орынға (20 000 теңге) қаржылай сыйлықтар берілді. Мешітте өткен бұл сайыс жұртшылыққа терең білім мен рухани байлықты насихаттауға, сондай-ақ әрбір қатысушының мәдени және діни құндылықтарды сақтау жөніндегі ұмтылысын арттыруға үлкен септігін тигізді.