blog Images

«Әл-Хаким» мешітінде 16 бейнебақылау камерасы жаңартылды

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі жаңартылды.

Атап айтқанда, бұрынғы ескі бейнебақылау камералары алынып, олардың орнына заманауи IP-камералар орнатылды. Жалпы саны 16 жаңа камера жаңартылып, мешіт аумағын бақылау мүмкіндігі жақсарды.

Аталған жұмыстар мешіттегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.