blog Images

«Шаңырақ»мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ауласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға мешіт қызметкерлері   және мешіт жастары қатысып, мешіт аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Сенбілік барысында мешіт ауласы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.

Қоғамдық тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар жастардың қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауына, тазалық пен жауапкершілікті дәріптеуге және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына ықпал етеді.

Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән берілген. Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ: «Тазалық – иманның жартысы», – деген.

Жаңаөзен қалалық мешіті жамағатты туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, игі істерге белсенді түрде атсалысуға шақырады.

Алла Тағала барша игі еңбектерімізді қабыл етіп, елімізді таза әрі көркейген мекенге айналдырғай!