blog Images

«Ар-Рахим»мешіті: 15 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шара аясында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталды.

Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіру, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеу, қайырымдылық жасауға үндеу.

Осындай сауапты істер мешіттің әлеуметтік бағыттағы қызметін жандандырып, қоғамдағы өзара көмек пен бауырмалдықтың нығаюына ықпал етеді.