«Шаңырақ»мешіті : Көпбалалы отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы мешіт қызметкерлерімен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.
Игі шара аясында мешіт қызметкерлері өзара қаржы жинап, жиналған қаражатқа отбасының балаларына қажетті киім-кешектер сатып алып берді. Сондай-ақ балаларды арнайы дүкенге апарып, өздеріне ұнаған әрі қажетті киімдерін таңдап алуына мүмкіндік жасалды.
Бұл қайырымдылық шарасының басты мақсаты – мұқтаж отбасының тұрмысына қолдау білдіріп қана қоймай, балаларға қуаныш сыйлап, олардың жүздеріне күлкі ұялату.
Қайырымдылық – ізгілік пен жанашырлықтың көрінісі. Мұқтажға қол ұшын созу, біреудің қуанышына себепші болу – дініміз құптайтын сауапты амалдардың бірі.
Алла Тағала осы игі іске атсалысқан мешіт қызметкерлерінің ниеттері мен амалдарын қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін!