blog Images

«Шаңырақ»мешіті «Рамазанда бір тал ек»жобасына үн қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешіті ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай құлшылық үйінің ауласына ағаш отырғызды.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі. Дін мамандары мен мешіт жамағаты бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Көктем келіп дала әсемдене түскенде оған өз үлесіңізді сіз де қосыңыз.