blog Images

«Шаңырақ» мешіті:»Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Жанашыр жамағаттың қолдауымен өткен қайырымдылық шарасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 30 отбасыға азық-түлік таратылды.Шара барысында мешіт бас имамы Әлбетов Еркеғали жиналған жандарға «Рамазан- ихсан айы», жақсылық, ізгілік, шүкіршілік және сабыр айы турасында уағыз -насихат айтты.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдірді.