blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Рамазан айына байланысты дайындық жиналысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты  мешіт қызметкерлеріне жиналыс өтті.

Мешіт бас имамы Еркеғали Альбетов  жиналыстың өзекті мәселесі, ҚМДБ тарапынан биылғы Рамазан айында мешіт қызметкерлерінің атқарылуы тиіс іс-шаралар таныстырылып, Қасиетті айда мешіт тазалығына жіті мән беріп, мешітке келген қонақтарға әдептілікпен жол көрсетуді, Қадір кешіне орай іс- шаралар атқару, қайырымдылық істері т.б) жайында атап өтіп, нақтылы тапсырмалар берді.

Жиын соңында мешіт қызметкерлері Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесінде ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салып тарқасты.