blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Құран оқудан және Тәжуид ережесінен жарыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран жарысы» және “Тәжуид ережелерінен” жарыс өткізілді. 

Мақсаты — жас буынды дәстүрлі дінге шақыра отырып, түрлі діни ағымдардан сақтау. Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру,
Жарыс екі бағыт бойынша өтті. Жарыс кезінде қатысушылардың қырағылығына, Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қабілетіне, қарай бағаланды. Жеңімпаздарға ақшалай сый-сияпаттар табыс етілді.
«Құран жарысына» қазылық етіп, қатысушыларға әділ бағасын берген және аталған жарысты ұйымдастырушы Нағманов Нағим ұстаз және Набатбаев Асқар ұстаз.

Жарысқа демеушілік көрсеткен “Бұрғылау” мекемесінің ұжымына рахметімізді айтамыз. Отбастарына амандық дендеріне саулық тілейміз.