blog Images

«Шаңырақ» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ» мешітінің ұйымдастыруымен мешітке келуші шәкірттер арасында құранның 30 парасынан және тәжуид ережесін жарыс өтті.

Бас имам Еркеғали Әлбетов  өз сөзінде:»Құран жарысының негізгі мақсаты – бабалар аманатына амал ету, Құран құндылықтарын әлемдік деңгейде дәріптеу, қасиетті кітабымызға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру»- деді. Мешітке келуші жамамағат сауат ашу сабағына қатысып, қасиетті Құран кәрімді өз мәнерімен нақышына сай дұрыс оқып «Құран әліппесі және тәжуид қағидалары» кітабы бойынша курсын сәтті аяқтағаны үшін Нағманов Нағим Серікұлы ұстаз шәкірттеріне сертификат табыстады.

Құран сайыс нәтижесі бойынша:

1 орын: Суюндыков Жасулан (40 000 тг)
2 орын: Қаржаубаев Талғат (30 000 тг)
3 орын: Құрбанбаев Айәділ (20 000 тг)

Тәжуид ережесінің сайыс нәтижесі бойынша:

1 орын: Джамиев Алихан (40 000 тг)
2 орын: Дүкенбай Мұқан (30 000 тг)
3 орын: Коктаев Есбол (20 000 тг)

Жаңаөзен қаласынан көптеген қарилар шығуды Алла нәсіп етсін, қаржылай көмек берген кәсіпкер демеуші бауырлармызға Алла екі дүниенің берекетін берсін!