“Шаңырақ” мешітінің бас имамы рухани шарада насихат айтты
“Өзенмұнайгаз” АҚ, АО Озенмунайгаз “МДжОЖУ” мұнайшылары бас біріктіріп, ел мен жердің тыныштығы үшін құрбандық шалды.
МДжОЖУ учаскасында еңбек етіп жүрген азамат, азаматшалар ата-бабасы және осы өмірден бақилық болған бірге жұмыстас болған азаматтарды еске алу мақсатында садақа ас берді.Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Альбетов Ерекеғали Сағынбайұлы ауыз біршілік тақырыбында уағыз -насихат жүргізді.
Біле білгенге ауызбіршілік пен ынтымаққа жетер байлық та, татулыққа жетер тірлік те жоқ. Бірлігіміз бекем, төңірегіміз түгел, беріп жатқан садақамыз қабыл болсын!
Біз өткенді тарихымызды, ата-бабамызды, салт-дәстүрімізді ұлықтай білсек ел боламыз. Бағалай білмегенге бақ қонбас, қуана білмегенге құт дарымас” деп дана халқымыздың сөзін баяндады. «ҚМДБ-на қарасты мұнара газетін және Иман» журналдарын насихаттап, тұрақты түрде аталған газет журналдарға жазылуларын сұрады.Рухани шара соңында ата-баба әруағына Құран бағышталып, ел-жұрт игілігі үшін дұға етілді.
Біле білгенге ауызбіршілік пен ынтымаққа жетер байлық та, татулыққа жетер тірлік те жоқ. Бірлігіміз бекем, төңірегіміз түгел, беріп жатқан садақамыз қабыл болсын!



