blog Images

«Шаңырақ» мешітінің бас имамы Болашақ елді мекенінде уағыз айтты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық Шаңырақ мешітінің бас имамы Әлбетов Еркеғали Қарақия ауданы, Болашақ ауыл округі әкімінің шақыртуымен Болашақ елді мекенінде қонақ болып, ауызашарда жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Еркеғали Әлбетов жиналған жамағатқа Рамазан айының сауапқа берекетке, жақсылыққа толы және бұл Алланың үлкен мүмкіндігін пайдаланып мемлекетімізге, елімізге, жеріміздің тыныштығымен амандығын тілеуді, дұға жасау керектігін айтып жамағаттың көкейіндегі сұрактарға жауап берді. Тарауих намазын өткізіп, өз кезегінде жамағаттың алғысына бөленді.