blog Images

“Шаңырақ” мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті

Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешітінде жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды.

Жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға құлшылық үйінің жамағаты шақырылып, ақ дастарқан басында қонақ болды.Мешіт бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы жамағатқа Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с) Исра және Миғраж оқиғасы жайында уағыз айтты. Әрі қарай Ислам тарихынан сұрақ жауап сайысы болып, дұрыс жауап берген жамағатқа сыйлықтар берілді.

Мешіттің басты міндеті жиылған жамағатты ауызбіршілікке, татулыққа, мейірімділікке, қанағатқа, бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, сабырлыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу болып табылады.