blog Images

«Шаңырақ» мешітінде рухани танымдық семинар өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде әйел жамағатына арналған «Мәселе білімде емес. Білгеніміз неге жүрегімізді өзгертпейді?» тақырыбында рухани-танымдық семинар өтті.

Семинарға арнайы шақырылған қонақ — Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық мешітінің әйелдер ұстазы Динар Тағабекқызы дәріс жүргізді.

Дәріс барысында білім алудың мәні, алған білімнің адамның жүрегіне, мінез-құлқы мен күнделікті амалдарына әсер етуі, білгенін амалға айналдырудың маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ жүрек тәрбиесі, ықылас, өзін-өзі есепке алу және рухани дамуға кедергі болатын мәселелер жөнінде насихат айтылды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұстаздан жауап алды. Кездесу әйел жамағаты үшін пайдалы насихатқа, рухани ой түюге және алған білімді өмірде амалға асырудың маңызын тереңірек түсінуге себеп болған тағылымды басқосу болды.