blog Images

«Шаңырақ» мешіті:»Игі ана-ізгі қоғам негізі» атты семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Игі ана-ізгі қоғам негізі» атты семинар өтті.

Аталған шарада әйел адамның қоғамдағы орны мен міндеттері, отбасы тәрбиесіне берер негізгі қағидалары туралы сөз қозғалды.
Әйел адамның дініміздегі мәртебесі жоғары әрі қадірлі. Оны исламдағы сыл аналарымыздың ғибрат ғұмырынан байқауға болады. Бүгінгі таңда да әйел затының абыройын шариғатымыздай сақтап, асқақтатын ешбір заңдылық жоқ. Сол себептен әйел заты өз құндылығы арқылы қоғамды жақсылыққа шақыруда үлгі болмақ.
Жиналғандар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Рухани шара ақ дастарқан басында жалғасын тауып, сүбелі сұхбатпен аяқталды.