«Шаңырақ» мешіті:Әйелдер жамағаты арасында рухани шара өтті
Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешітінің әйел-қыздар секторы ұйымдастыруымен Қасиетті Шағбан айының кіріп келуіне және кіріп келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық ретінде рухани кеш өткізді.
Әйел жамағатын берекелі дастархан айналасына шоғырландырған алқалы жиында уағыз- насихат айтылып, рухани көрініс көрсетілді. Келген қонақтарға сұрақ- жауаптар қойылып, сыйлықтар берілді. Мешіттегі дәрістерге үздік қатысып жүрген әжелерге Құран кітап таратылып, “Morocco” кафесіне 5000 теңге сертификаттар берілді. Кешке барлығы 200-250 шақты әйел- қыздар қатысып, көнекөз әжелер де насихат мінберінен табылды. Соңынан ізін жалғап келе жатқан нәзік жандыларға өмірден түйген мол тағылымдарын бөлісті.