blog Images

«Шаңырақ» мешіті: «Рамазан – Ихсан айы» атты рухани кеш өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты «Рамазан – Ихсан айы» атты рухани кеш өтті.

Рухани кешке Жаңаөзен қаласы орталық Әбіш қожа мешітінің бас имамы Қажымұқан Далубайұлы арнайы қатысып,ауызашарға жиналған қауымға Рамазан айының жақсылыққа сауапқа толы қадір қасиеті жайлы және тарауихқа жиналған жамағатқа Құран түскен қасиетті айдың маңыздылығы жайлы уағыз- насихат айтты.