“Сайын Шапағатов”мешіті:Дүкендерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты “Сайын Шапағатов” ауылдық мешітінің имамдары ,мешіт жамағаты және ақсақалдармен ауыл дүкендерін аралап қасиетті Рамазан айында арақ- шарап сатылмасын деген үндеумен өтініш етіп, ескерту жасап шықты.
Түсіндірме жұмыстары барысында дүкендерді аралаумен қатар, Рамазан айымен құттықтап ораза кестесін таратты.Азық-түлік дүкендеріне өткен түсіндірме жұмыстарында тек Рамазан айында ғана емес,барлық уақытта спирттік өнімдерді сатуға тыйым салуға және ҚМДБ Халал сертификатын алған,адал әрі халал өнімдерді тұтынуға шақырды.





