blog Images

«Сайын Шапағатов» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты «Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде мешіт имамы Сәбит Егізханұлы «Пәтуа сағаты» өткізді.

Жұма намаздан кейін өткізілетін дәрістің басты мақсаты – көпшілікке дұрыс діни ақпарат беру, жат ағымның алдын алу.

Дәріс барысында мешіт жамағаттары  өздерін толғандырған шариғи мәселелер мен тағат-ғибадат, сенім, таным мәселелері бойынша ҚМДБ пәтуалары негізінде жауап ала алды.Жиналған жамағатқа пәтуаларды жеткізіп,сұрақтарға жауап берді.