Сайын Шапағатов мешіті:«Имани жаз-2024» сауат ашу курсы басталды
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты “Сайын Шапағатов” ауылдық мешітінде бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы басталды.
Мешіт бас имамы Аманиязов Сәбит шәкірттерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жарқын болашақ тіледі.Мешіт атынан шәкіртке арнайы тәттілер мен балмұздақтар үлестірілді.
