blog Images

«Сайын Шапағатов «мешіті: Көмекке мұқтаж жандарға зекет берілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты «Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде көмекке мұқтаж жандарға қаржылай көмек берілді.

Манғыстау облыстық орталық  «Бекет ата» мешінде облыстың кәсіпкерлерінен жиналған зекеттен тиісті 300 мың теңгені 10 мың теңгеден 10 отбасына үлестіріп берілді.Өз кезегінде көмек алған отбасылар өз алғыстарын білдірді.