blog Images

«Сайын Шапағатов «мешіті: Эвакуацияланған жандардың қал-жағдайын біліп қайтты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты «Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінің  имамы Сәбит Егізханұлы «Сайын» ауылдағы «Аура» демалыс кешеніне орналасқан  су тасқыны кезінде эвакуацияланған Құлсары ауылының тұрғындарымен кездесіп, қал жағдайларынан хабар алды.

Мешіт имамы мен мешіт жамағаты эвакуацияланған азаматтарды Ораза айтпен құттықтап, ізгі қайырлы дұға жасады. Ораза айт тәттілерін балаларына таратып, үлкен ас берілді. 

Көктемгі қарғын су біраз аймақты әбігерге салды.Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.Тасқыннан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу,қиындықта көмектесу барша мұсылманға парыз!