

Сайын Шапағатов ауылдық мешітіне жаңа имам тағайындалды
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітіне бас имам қызметіне Досанов Арман Азанхұлұлы тағайындалды.
Бас мүфти бұйрығын Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің наиб имамы Іздібай Бегенұлы оқып,құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына бас имамдық қызметке тағайындалған Арман Азанхұлұлын таныстырып,еңбек жолына береке тіледі.
Сондай-ақ, Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде бас имамдық қызмет атқарған Сәбит Егізханұлына алғыс айтып,облыс бас имамының жылы лебезін жеткізді.
Айта кетейік,Арман Азанхұлұлы бұған дейін Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде наиб имам қызметін атқарған.