blog Images

«Сайын Шапағатов» ауылдық мешітінде сенбілік өтті

 «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен Рамазанға дайындық жасап мешіт ауласына, дәретханасын, асханасын сенбілік жасап тазалық жұмыстарын жүргізді.

Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады. «Тазалық – иманнан» деген xадисті ескере отырып, сенбілік тазалыққа  мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты ат салысты.