blog Images

“Сәби Атабайұлы” мешіті:Әйелдер арасында Құран жарысы өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылдық «Сәби Атабайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында “Құран түскен құтты ай” атты Құран жарысы өтті.

Жамағатты  ынталандыру, қасиетті Құранның қадір-қасиетін жете ұғындыру, шәкірттерді шыңдау мақсатында өткізілген жарыс әсерлі өтті.Сондай-ақ  игі шара соңында жарысқа қатысқан әйел-қыздарға  ынталандыру сый-сыяпаттары тарту етіліп,қаржылай сыйлықтар табысталды.