blog Images

РАНТ мүшесі жазасын өтеушілерге насихат айтты

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы арнайы іссапармен Маңғыстау  облысында болды.Аталмыш іссапар барысында Нұрәлі Бақытұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында ғибратты насихат айтып, тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.