РАНТ мүшесі орталық мешіт жамағатымен жүздесті
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің маманы,РАНТ мүшесі Кенжалин Данияр Айтбайұлы Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешіт жамағатымен жүздесті.
“Жат ағымдардың сипаттары”,”Ата дәстүрге бекем болу” тақырыбында уағыз-насихат айтқан Данияр Айтбаевич жамағатқа ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық екендігін түсіндіріп өтті.
«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», дейді халық даналығы. Әуелгі қателік кейін адамның тағдырына айналуы мүмкін. Ең бастысы, дін – ақиқаттың, ізгіліктің шырақшысы. Қоғамды бүлікке емес, бірлікке бастаушы ілім. Сондықтан да жат ағымның жақсылыққа апармайтынын білген жөн.


