РАНТ мүшесі “Келімберді ахун” мешінде уағыз айтты
“Ислам және дәстүр құндылығы”жылы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы”Келімберді ахун”мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнес Қадырқұлұлы жамағатымен жүздесіп уағыз-насихат айтты.
“Татулық пен бірлік” тақырыбында уағыз айтқан Юнес Қадырқұлұлы ислам діні бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйыратындығын айтып,татулықта болуды,сыпайлықпен қарым-қатынас жасауға,бауырмашыл болуға шақырды.

