blog Images

«Рамазан және бас имам сағаты» өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» атты шара өтті.

Бесін намазынан кейін өткен шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жамағатқа «Рамазан айындағы тақуалық» тақырыбында насихат айтып,қасиетті айдағы тарауих намазын жіберіп алмау,ұстаған оразамызды кемеліне жеткізетін амалдар туралы баяндап берді. Рамазан айында уақытты бос өткізбеу,нәпсіні жаман істерден тиюға ,бауырмау болуға,уақытты ғибадатқа,құлшылыққа,сауапты істерге жұмсауға шақырды.