«Рамазан қоржыны»қайырымдылық акциясы өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған шара барасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 100 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Қасиетті айдың қарсаңында қолға алынған ізгі істің маңыздылығына тоқталған бас имам мұндай шаралар әлі де жалғасын табатындығын айтты.
Жиылған қауым алдында сөз алған облыс бас имамы:»Алланың сынағына мойымай, қасиетті айда Жаратқаннан жақсы дұға-тілектер тілеуге шақырды.Мұндай қайырымды шаралар өз кезегінде қоғамдағы адамдардың арасын жақсартуға және бір-біріне мейірімділік танытуға шақырады. Барлық іс-шараларға қолдау көрсетіп келе жатқан жандарға Алла Тағала разы болсын дегіміз келеді»,деді.