blog Images

«Рамазан қоржыны» жобасы «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде жалғасты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бейнеу ауылдық «Басшы Айжанақұлы Әзірханов» мешітінде «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өткізілді. 

Дәстүрлі мерекеміз Әз Наурызбен тұспа-тұс келген қасиетті Рамазан айының қасиетті жұма күні, көмекке мұқтаж 10 отбасыға қайырымдылық шарасы жасалды. Шара барысында күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері таратылды.
Мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы келушілерге жаңа жылда табыс, Ораза айындағы бүкіл амалдарымыздың қабыл болуын Алладан тілеп бата берді.

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!