“Рамазан қоржыны” жобасы “Әбіш қожа” мешітінде жалғасын тапты
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңаөзен қалалық орталық “Әбіш қожа” мешітінде “Рамазан қоржыны” қайырымдылық шарасы өтті.
Рамазан – қайырымдылық пен сауапты істердің айы. Бұл айда садақа беріп, қайырымдылық жасау сауапты амал.Аталған шара барасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 100 отбасыға азық-түлік таратылды.


