blog Images

«Рамазан қоржыны» тазалықшыларға

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай,Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы  консулдығының ұйытқы болуымен  «Рамазан қоржыны»қала тазалығын қамтамасыз етіп отырған еңбеккерлерге үлестірілді.

Дінімізде тазалыққа айрықша мән беріледі, тіпті «иманның жартысы» деп айтылады. Хадистерде қоршаған ортаны таза ұстау жайында да қатаң ескертілген. Осы орайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала  көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін қала тазалықшыларын қолдау мақсатында азық-түлік салынған қораптар үлестірілді.

Қасиетті Рамазан айында сауапты іске үлес қосқандар бүтіндей бір  саланың өкілдерін қуанышқа бөлеп, қайырымдылық қоржынын табыстады. Қайырымдылық шарасына  атсалысқан Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Сабри Альптекин, Вице-консул Йылдырым Бюкер, Атташе Гөкхан Шен, Түркия Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі Тика (ТIKA) Астана Өкілінің орынбасары Халил Аджарға алғысымызды білдіреміз!Алла садақаларыңызды қабыл етсін!