blog Images

«Рамазан қоржыны» жобасы Рахат ауылдық мешітінде жалғасын тапты

Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Аталған шара барасында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы  20 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдірді.