blog Images

Рамазан айының алғашқы он күндік қорытындысы

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында 2024 жылдың Рамазан айының алғашқы 10 күндігінде Маңғыстау облыстына қарасты мешіттерде 20 915 адамға ауызашар берілді.

Алғашқы 10 күндікте Маңғыстау облысына қарасты  мешіттерде  39 Құран хатым жасалуда.

Сонымен қатар,“Рамазан қоржыны”  қайырымдылық шарасы 300-ге жуық адамға азық-түлік таратылды. «Рамазан тәттісі» жобасы аясында 100 балаға тәттілер мен ойыншықтар таратылды. “30 күнде 30 аят” айдарымен мешіттерде күнделікті тарауық намазы алдында уағыз жүргізілуде.