blog Images

Рамазан айында студенттерге ауызашар берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айындағы дәстүрлі жоспарларының бірі «30күнге-30 игі шара» аясында 150-ге жуық студенттерге ауызашар берілді.

Игі шарада ақсақал қариялар мен ,ақ жаулықты аналарымыз да қатысып ,жастарға  ұлттық құндылықтарды насихаттап,  қыз баланың әдебі,ер бала тәрбиесі жайлы  қариялық насихаттарын айтты.Сондай ақ,шара барысында облыс бас имамы тұтқан оразаларының қабыл болуын тілеп, жастарға білімнің маңыздылығын ескертіп, уақыттың қадірін білуге шақырды.

Шара соңында студенттерге Рамазан айына қатысты сұрақ-жауаптар қамтылған кітапшалар берілді.Өз кезегінде студенттер де разылықтарын білдіріп, қайырымдылық жаршыларына алғыстарын айтты.