blog Images

Рахат ауылында ел амандығы үшін ас берілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде ел амандығы үшін ас беріліп, жамағатпен бірге дұға жасалды.

Судан жапа шеккен отбасыларға Раббымыздан жеңілдік, жәрдем және сабыр тіледі. Алла Тағала халқымызды су апатының зардабы мен кесірінен сақтағай. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Әмин!