blog Images

ҚҰРБАН АЙТ-2024:Қасапшылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Биыл Құрбан айт мерекесі 16-18 маусымға сәйкес келеді. Соған орай,Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін өкілдерінен құрылған жұмыс тобы мал базарларын аралап, қасапханалардағы жағдаймен танысты.

Бас имам қаладағы бірнеше базарды аралап, санитарлық жағдай, малдың шариғат талабына сай сойылуы, ысырапқа жол бермеу, мал бағасының шектен тыс көтерілмеуін қадағалау мақсатында мал базарына арнайы барып,қасапшылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қасапшыларға кездесу барысында Құрбан айт кезіндегі малды сою, шариғат жолымен сою бойынша және тазалық сақтау шаралары, арнайы орындардың болуы басты назарда екендігі жеткізілді.Сонымен қатар, құрбандыққа шалынатын малға зәбір көрсетілмеу керек екендігі де ескертілді.Одан бөлек қасапшылар мал союдың тәртібімен де жете таныстырылды.

Малды Алла Тағала адам ырзығы үшін жаратқан десек те оның бауыздау тәртібі мен міндеті бар. Құрбандықты шариғат жолымен соймайынша халал болмайды. Қазақ «шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген. Бір көзбен қарағанда мал сою – оңай іс секілді. Алайда көпшілік мән бере бермейтін, шариғатымызда бекітілген, халал стандартымызда нақтыланған мал бауыздаудың өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар, оларға өте мұқият болыңыздар» – деп атап өтті облыс бас имамы .