

Құранды жатқа оқудан қалааралық Құран жарысы өтті
Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан қалааралық Құран жарысы өткізілді.
Құранды тәджуид қағидасына сай, қатесіз оқу, Құран оқу барысында оқу тазалығы және көркем оқылуы, қойылған сұраққа мүлтіксіз жауап беріп, қатесіз толық жауап беру сынды өзіндік ережелері сақталды.Мешіт шәкірттері бақ сынап,асыл дініміздің діңгегі Құран Кәрімнің отызыншы парасын жатқа, сондай-ақ, көркем де мағыналы оқуға тырысты.
Сайыс нәтижесі бойынша:
І-орын– Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің шәкірті -Болат Аюб (100 000теңге)
ІІ-орын – Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінің шәкірті- Әзберген Қажымұқан (70 000теңге)
ІІІ-орын-Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің шәкірті-Ағаділ Ердәулет (50 000теңге) ақшалай сыйлық табысталды.Сонымен қатар сайысқа қатысушыларға ынталандыру сйылықтары тарту етілді.