blog Images

«Қош келдің Құран айы» атты облыстық Құран жарысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Махмұтқызы Аманбике анамызды еске алуға арналған әйел-қыздар арасында «Қош келдің Құран айы» атты облыстық Құран жарысы өтті. 

Сайысқа қатысушылар Құран Кәрімнің 29-30 ыншы параларды жатқа айтумен, Құран Кәрімді Мәнерлеп оқудан сынға түсті. Сайыс нәтижесінде 29-30 паралар бойынша I — орынды Жұмашева Махаббат, — 100 мың теңге, II — орынды Мусина Гүлназ -75 мың теңге, III — орынды Нұрниязова Мухаббат 50 — мың теңге, ал 30 ыншы параны жатқа оқу бойынша I — орынды Жақсылық Ұлжалғас 75 мың теңге, II — орынды Айнадин Фариза 50 мың теңге, III — орынды Тұрарбекқызы Жанерке 30 мың теңге, ал Құранды Мәнерлеп оқу бойынша I — орынды Жұмағалиева Айдана 40 мың теңге , II — орынды Булекбаева Аягөз 30-мың теңге, III — орынды қазылар шешімімен екі қатысушы Орысбай Амина мен Қамбар Асима — 20 мың теңгеден жеңіп алды.

Сайысқа қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құран жаттаудың маңыздылығына тоқталып, игі іске бастама болған Аманбике анамыздың ұрпақтарына алғысын білдірді. Сонымен қатар игі іс- шара барысында Құран Хатым бағышталып дұға жасалды.