blog Images

«Қош келдің әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің әз Наурыз» атты мерекелік шара өтті.

Мереке қарсаңында шашу шашылып, Қазақ халқының Баланы бесікке салу , тыштырма, дәстүрлері мен тұсау кесер рәсімі өтті. Ақ жаулықты аналарымыз бен жас келіндер жүн түтіп, Әжелер жүннен жіп иіру өнерін көрсетті. Жиын соңында ұршықпен жіп иіру сайысы болды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңында қатысушылар ұмытылып жатқан дәстүрлер жайлы сұрақ жауап ойынына қатысып сыйлықтар жеңіп алды.