“Қосай ата” мешіті:Тәуелсіздік күніне орай жамағатпен рухани жиын өтті
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан«Қосай ата »мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттың айлық отырысы өтті.
Мешіт бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед рухани жиынға жиналған мешіт жамағатына “Тәуелсіздік-үлкен нығмет” тақырыбында насихат айтып,«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабы таныстырды.Сонымен қатар,”IQRO QUIZ”атты интеллектуалды білім сайысы өткізілді.Жамағаттың діни сауатын арттырып, білімін шыңдау мақсатында жүзеге асқан білім сайысында жеңімпаз атанғандарға арнайы сыйлықтар табысталды.



