blog Images

«Қосай ата» мешіті:Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде  қасиетті Рамазан айында  30-шы пара және 22 сүрені жатқа мәнерлеп оқудан мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті.

Рамазан – Құран айы. Алланың ақырғы Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бір хадисінде «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» депті. Шындығында да, асыл діннің қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытының баяны Құран Кәрімді насихаттау – әрі сауапты, әрі жауапты үрдіс.Шәкірттер арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткенн сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге арнайы сертификаттар беріліп,қаржылай сыйлықтар берілді.