blog Images

«Қосай ата» мешіті:Рамазан айына байланысты жиналыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде қасиетті Рамазан айына байланысты  мешіт қызметкерлеріне жиналыс өтті.

Мешіт бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы жиналыстың өзекті мәселесі, ҚМДБ тарапынан биылғы Рамазан айында мешіт қызметкерлерінің атқарылуы тиіс іс-шаралар таныстырылып, Қасиетті айда мешіт тазалығына жіті мән беріп, мешітке келген қонақтарға әдептілікпен жол көрсетуді, Қадір кешіне орай іс- шаралар атқару, қайырымдылық істері т.б) жайында атап өтіп, нақтылы тапсырмалар берді.

Жиын соңында мешіт қызметкерлері Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесінде ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салып тарқасты.