“Қосай ата” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Теңге ауылдық “Қосай ата” мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Сауабы мол игі шара барысында мешіт қызметкерлері 4 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік салынған қораптар үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.