blog Images

“Қосай ата” мешітінде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтті

ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен  «Зекет және қайырымдылық » қорының демеушілігімен Теңге ауылдық “Қосай ата” мешітінде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара барысында  25 балаға мектепке қажетті сөмкелер,оқу-құралдары табысталды.Акция аз қамтылған,көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді.Сондай-ақ,мешіт  имамы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап жақсы оқып білімде озат болуға, ата- ананың үмітін ақтар асыл тұлға болуды тілеп ыстық лебізін білдірді.