«Қосай ата» мешіті:Дәстүр құндылығы насихатталды
«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қалалық №1 Мұнай-газ өндіру басқармасының ұйымдастыруымен ел-тыныштығы үшін садақа ас берілді.
Жиында Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінің наиб имамы Нажиманов Мажит өз сөзінде:«Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – Ислам дінінен бастау алған. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті тұрғысынан төрімізден ойып орын алды. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүріне берік болған елдің қоғамдық қатынастарының қалыптасуы, дамуы, өзгеруі оң нәтиже береді. Ел болу дегеніміз тек мемлекеттің әлеуметтік гүлденуі ғана емес, елдік сананы қалыптастыру және рухани тазалыққа мән берумен келеді», — деп баяндап өтті.Жиын соңында еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы үшін дұға жасалды.